ИЗИКАРД -А (40 мг/5 мг)

МНН: Амлодипина бесилат (эквивалентно амлодипину), Телмисартан
Производитель: Эвертоген Лайф Сайенсес Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Телмисартан и амлодипин
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023466
Информация о регистрации в РК: 15.01.2018 - 15.01.2023

Инструкция

Саудалық атауы

ИЗИКАРД-А

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

40/5 мг, 40/10 мг, 80 мг/5 мг, 80 мг/10 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

телмисартан қабаты

белсенді зат - 40 мг немесе 80 мг телмисартан,

қосымша заттар: маннитол (пеарлитол SD 200), повидон (К 29/32), натрий гидроксиді, меглумин, магний стеараты, тазартылған су

амлодипин қабаты

белсенді зат - 6.935 мг немесе 13.870 мг амлодипин бесилаты (сәйкесінше, 5 мг немесе 10 мг амлодипинге баламалы)

қосымша заттар: маннитол (пеарлитол SD 200), бриллиантты көгілдір Е133, сусыз лимон қышқылы, магний стеараты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі, беті тегіс екі қабатты, бір жақ бетінде 'С6' өрнегі бар және басқа жақ беті тегіс, көгілдір түсті ұзынша формалы таблеткалар (40/5 мг дозасы үшін).

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі, беті тегіс екі қабатты, бір жақ бетінде 'С7' өрнегі бар және басқа жақ беті тегіс, көгілдір түсті ұзынша формалы таблеткалар (40/10 мг дозасы үшін).

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі, беті тегіс екі қабатты, бір жақ бетінде 'С8' өрнегі бар және басқа жақ беті тегіс, көгілдір түсті ұзынша формалы таблеткалар (80/5 мг дозасы үшін).

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі, беті тегіс екі қабатты, бір жақ бетінде 'С9' өрнегі бар және басқа жақ беті тегіс, көгілдір түсті ұзынша формалы таблеткалар (80/10 мг дозасы үшін).

Фармакологиялық тобы

Ангиотензин II антагонистері. Басқа препараттармен біріктірілген ангиотензин II антагонистері. Ангиотензин II антагонистері және кальций өзекшелерінің блокаторлары. Телмисартан және амлодипин.

ATХ коды C09DB04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Белгіленген дозалар біріктірілімінің фармакокинетикасы

Препараттың сіңу жылдамдығы және дәрежесі оларды бөлек қолданған жағдайдағы телмисартан мен амлодипиннің биожетімділігіне баламалы.

Сіңуі. Телмисартанның сіңуі, сіңетін препараттың мөлшері әртүрлі болса да, тез жүреді. Телмисартанның орташа абсолюттік биожетімділігі шамамен 50% құрайды. Тамақ ішу телмисартанның биожетімділігін аздап төмендетіп, плазмадағы «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданның (AUC) мәнін азайтады, 40 мг дозаны қабылдаған кездегі 6%-дан бастап 160 мг дозаны қабылдаған кездегі 19%-ға дейін өзгертеді. Телмисартанды қабылдағаннан кейін 3 сағаттан соң оның қан плазмасындағы концентрациясы, тамақ ішуге қарамай, барлық дозалары үшін бірдей болады. AUC аздап азаюы емдік тиімділігінің төмендеуін туындатпайды.

Амлодипинді ішке емдік дозаларда қабылдағаннан кейін плазмада ең жоғары концентрацияға 6-12 сағаттан соң жетеді. Абсолюттік биожетімділігі 64%-дан бастап 80%-ға дейінді құрайды. Тамақ ішу амлодипиннің биожетімділігіне ықпалын тигізбейді.

Таралуы. Телмисартанның плазма ақуыздарымен (>99,5 %), негізінен альбуминмен және альфа-1 қышқыл гликопротеинмен байланысу дәрежесі жоғары болады. Тепе-тең жағдайда орташа болжамды таралу көлемі (Vss) шамамен 500 л құрайды.

Амлодипиннің таралу көлемі шамамен 21 л/кг құрайды. Іn vitro зерттеулерде гипертензиясы бар пациенттерде қан айналымындағы амлодипиннің шамамен 97,5%-ы плазма ақуыздарымен байланысатындығын көрсетті.

Метаболизмі. Телмисартан глюкуронидпен конъюгациялану жолымен метаболизденеді. Конъюгаттың фармакологиялық белсенділігі байқалған жоқ.

Амлодипин елеулі дәрежеде (шамамен 90%) бауырда метаболизденіп, белсенді емес метаболиттер түзеді.

Шығарылуы. Телмисартанның жартылай шығарылуының терминальді кезеңі >20 сағат болатын фармакокинетикасының биоэкспоненциальді сипаты бар. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы (Сmax) және, аз дәрежеде, AUC дозаға пропорционалды түрде артады. Ұсынылған дозаларды қолданғанда телмисартанның клиникалық тұрғыдан маңызды жиналып қалуы байқалған жоқ. Плазмадағы концентрациясының деңгейі әйелдерде, еркектерге қарағанда, жоғары болды, бұл тиімділігіне қатысты болған жоқ.

Пероральді түрде қолданудан кейін телмисартан өзгермеген күйінде нәжіспен бірге толық дерлік күйінде шығарылады. Несеппен жалпы экскрециясы дозаның <1%-ын құрайды. Жалпы плазмалық клиренсі (СLtot) бауырлық қан ағынымен (шамамен 1000 мл/мин) салыстырғанда жоғары (шамамен1500 мл/мин).

Қан плазмасынан амлодипиннің шығарылуы екі фазалы, ақырғы жартылай шығарылу кезеңі шамамен 30-50 сағатты құрайды. Плазмадағы тұрақты деңгейіне препаратты 7-8 күн бойы тұрақты қабылдаудан кейін жетеді. Бастапқы амлодипиннң 10%-ы және оның метаболиттерінің 60%-ы несеппен бірге шығарылады.

Дозаға байланыстылығы/байланыссыздығы. Телмисартан үшін AUC аздап төмендеуі емдік тиімділігінің төмендеуіне әкелмейді. Дозалары мен плазмадағы деңгейлері арасында желілік байланыс жоқ. 40 мг-ден жоғары дозаларда Cmax мәндері және аз дәрежеде AUC мәндері пропорционалды емес артады

Амлодипинге дозаға байланысты фармакокинетика тән.

Пациенттердің ерекше топтары

18 жасқа дейінгі балалар. Фармакокинетикалық деректер жоқ.

Жынысы. Плазмадағы телмисартанның концентрациясында жынысқа байланысты айырмашылықтар байқалады. Әйелдерде еркектерге қарағанда, Cmax және AUC мәндері, сәйкесінше, шамамен 3 және 2 есе жоғары, бұл препараттың тиімділігіне елеулі әсерін тигізбейді.

Егде жастағы пациенттер. Егде жаста пациенттер мен жас пациенттер арасында телмисартанның фармакокинетикасында айырмашылықтар жоқ. Жас және егде жастағы пациенттерде амлодипиннің қан плазмасында ең жоғары концентрацияға жету уақыты ұқсас. Егде жастағы пациенттерде амлодипин клиренсінің төмендеуге, нәтижесінде AUC мәндерінің және жартылай шығарылуының элиминациялық кезеңінің артуына әкелетін, беталысы бар.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Бүйрек функциясының бұзылулары жеңілден орташа және ауыр дәрежеге дейін болатын пациенттерде қан плазмасындағы телмисартан концентрациясының екі есе артқаны байқалды. Алайда диализде жүрген, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде қан плазмасындағы телмисартан концентрациясының төмендегені байқалды. Телмисартан плазма ақуыздарымен елеулі дәрежеде байланысады және диализ жолымен шығарылуы мүмкін емес. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттердегі жартылай шығарылу кезеңінде айырмашылықтар жоқ. Амлодипиннің фармакокинетикасы елеулі түрде өзгермейді.

Бауыр функциясының бұзылуы. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде фармакокинетикасына жүргізілген зерттеулер телмисартанның абсолюттік биожетімділігінің 100%-ға дерлік артқанын көрсетті. Жартылай шығарылу кезеңі өзгерген жоқ. Амлодипиннің клиренсі төмендеді, бұл AUC мәндерінің шамамен 40-60%-ға артуына әкелді.

Фармакодинамикасы

ИЗИКАРД-А препараты эссенциальді артериялық гипертензиясы бар пациенттерде артериялық қысымды бақылауда бірін-бірі толықтырып отыратын механизмдері бар гипертензияға қарсы екі заттың: ангиотензин II рецепторларының антагонисі – телмисартанның және кальций өзектерінің дигидропиридинді блокаторы – амлодипиннің біріктірілімі болып табылады.

Осы құрамдас біріктірілім, осы компоненттердің әрқайсысын бөлек қабылдағанға қарағанда, гипертензияға қарсы әсердің өте жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Препаратты тәулігіне бір рет емдік дозаларда қабылдау барлық 24 сағаттық ауқымдағы емдік дозаларда артериялық қысымның тиімді және тұрақты төмендеуін қамтамасыз етеді.

Телмисартан ішке қабылдауға арналған ангиотензин II рецепторларының тиімді және спецификалық (селективті) антагонисі (AT1 типті) болып табылады. Телмисартан ангиотензин II-нің орнын алмастырып, өзінің ангиотензин II рецепторларының тек AT1 қосымша типімен ғана өте жоғары дәрежеде ұқсас байланыс түзеді. Телмисартан AT1 рецепторымен байланыса отырып, оған қатысты ешқандай ішінара белсенділік танытпайды. Байланысуы ұзақ мерзімдік сипатта болады. Телмисартанның ангиотензин AT2 – рецепторларын қоса, басқа рецепторларға және аз зерттелген басқа да AT рецепторларға ұқсастығы жоқ. Осы рецепторлардың функциональді рөлі, телмисартанның арқасында деңгейі артатын ІІ ангиотензиннің ықтимал өте жоғары стимуляциялану әсері сияқты, белгісіз.

Телмисартан қан плазмасында альдостеронның деңгейін төмендетеді және, өзінің қатысуымен брадикинин синтезі төмендейтін ангиотензинге өзгертетін фермент (киназа II) белсенділігін бәсеңдетпейді. Телмисартан қан плазмасында ренинді тежемейді және ион өзектерін бөгемейді. Сондықтан брадикинин әсерінен туындайтын жағымсыз әсерлерінде күшею болмайды.

80 мг доза телмисартан аясында ангиотензин II-нің тежелуі 24 сағат бойы демеледі және 48 сағатқа дейін сақталады.

Телмисартанның алғашқы дозасын қабылдағаннан кейін антигипертензиялық белсенділігі 3 сағат ішінде біртіндеп көрініс береді. Артериялық қысымның барынша ең жоғары төмендеуіне емдеуді бастағаннан кейін 4-8 апталарда жетеді және ұзақ ем барысында сақталады.

Телмисартанның гипертензияға қарсы әсері қабылдаудан кейін, келесі дозаны қабылдау алдындағы 4 сағатты қоса, 24 сағат бойы сақталады. Бұл деректер плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулер аясында телмисартанды 40 мг және 80 мг дозаларда қабылдағаннан кейінгі қалғаннан бастап 80%-дан жоғары деңгейдегі ең жоғары шекке дейінгі концентрациялардың тұрақты сақталуымен айғақталады.

Базалық систолалық артериялық қысымның қалпына келу уақытының дозаға айқын байланыстылығы бар, диастолалық артериялық қысымға қатысты деректер қарама-қайшы болады.

Гипертензиясы бар пациенттерде телмисартан жүректің жиырылу жиілігін өзгертпей, систолалық және диастолалық артериялық қысымды төмендетеді. Телмисартанның гипертензияға қарсы тиімділігі басқа кластардың гипертензияға қарсы препараттарымен ұқсас, бұл телмисартан амлодипинмен, атенололмен, эналиприлмен, гидрохлоротиазидпен, лозартанмен, лизиноприлмен, рамиприлмен және валсартанмен салыстырылған клиникалық зерттеулерде көрсетілді.

Телмисартанмен емдеуді күрт тоқтатқан жағдайда артериялық қысым гипертензияның тез қалпына келу белгілерінсіз бірнеше күн ішінде емдеуді бастағанға дейінгі мәндеріне біртіндеп оралады («тоқтату» синдромы жоқ).

Гипертензиясы және сол жақ қарынша гипертрофиясы бар пациенттерді телмисартанмен емдеу сол жақ қарынша салмағының және сол жақ қарынша салмағы индексінің статистикалық тұрғыдан маңызды төмендеуімен қатар жүреді.

Лозартан, рамиприл және валсартан сияқты салыстырмалы препараттарды қолданып жүргізілген клиникалық зерттеулер гипертензиясы және диабеттік нефропaтиясы бар пациенттерді телмисартанмен емдеу протеинурияның (соның ішінде микроальбуминурия мен макроальбуминурияның) статистикалық тұрғыдан маңызды төмендеуімен қатар жүретіндігін көрсетті.

Клиникалық зерттеулерде гипертензия қарсы емдеудің екі түрін тікелей салыстырғанда телмисартан қабылдаған пациенттерде құрғақ жөтел жағдайларының саны, ангиотензин-өзгертетін фермент тежегіштерін қабылдағандарға қарағанда, едәуір төмен болды.

Бұл зерттеулер бүйрек және/немесе жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының нәтижесіне елеулі оң әсерді және өліммен аяқталуды көрсеткен жоқ, ал сол уақытта монотерапия жүргізгенде алынған деректермен салыстырғанда, гиперкалиемия, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі және/немесе гипертензия үшін қауіптің артқаны байқалды. Ұқсас фармакодинамикалық қасиетттерді ескерер болса, бұл нәтижелер басқа АӨФ тежегіштеріне және ангиотензин II рецепторларының блокаторларына да қатысты болуы мүмкін.

Осы себепті диабеттік нефропатиясы бар пациенттердің АӨФ тежегіштері мен ангиотензин II рецепторларының блокаторларын бірге қабылдамағандары жөн.

Амлодипин – дигидропиридин тобына кіретін кальций иондары ағынының тежегіші (баяу өзек блокаторлары немесе кальций иондарының антагонистері). Ол миокард жасушаларына және қантамырлардың тегіс бұлшықеттерінің жасушаларына кальций иондарының трансжарғақшалық ағынын тежейді.

Амлодипиннің гипертензияға қарсы әсерінің механизмі қантамырлардың тегіс бұлшықет жасушаларына тікелей босаңсытатын әсерінен тұрады, бұл дигидропиридинді және дегидропиридинді емес байланысатын жерлермен қосыла отырып, шеткері қантамырлық кедергінің және артериялық қысымның төмендеуіне әкеледі. Амлодипиннің қантамырларға әсері біршама селективті, ол миокард жасушаларына қарағанда, қантамырлардың тегіс бұлшықетінің жасушаларына көбірек ықпалын тигізеді.

Гипертензиясы бар пациенттерде амлодипинді күніне 1 рет қолдану жатқан кезде де, түрегеліп тұрған кезде де, 24 сағат бойы артериялық қысымның клиникалық тұрғыдан маңызды төмендеуін қамтамасыз етеді. Препарат әсерінің баяу басталуы салдарынан, амлодипинді қолдану кезінде жедел гипотензияның пайда болуы тән емес.

Гипертензиясы бар және бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде амлодипин емдік дозаларда бүйрек қантамырларының кедергісінің азаюына, шумақтық сүзілу жылдамдығының артуына және плазманың бүйректегі ағынының тиімді болуына әкелді, бұл сүзілу фракциясының өзгеруімен немесе протеинуриямен қатар жүрген жоқ.

Амлодипин қандай да болсын метаболизмдік жағымсыз әсерлерге немесе плазмадағы липидтердің өзгерулеріне әкелмейді, сондықтан бронх демікпесі, қант диабеті және подаграсы бар пациенттерге қолдану үшін жарамды.

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер. Жүрек функциясының NYHA жіктемесі бойынша II-IV класына жататын жеткіліксіздігі бар пациенттерде бақыланатын клиникалық зерттеулерде гемодинамиканы және дене жүктемесінің жағымдылығын зерттеу жүктемелерге төзімділігін, сол жақ қарыншаның лықсуын және клиникалық көріністерін анықтау арқылы баға берілген жүрек функциясы жеткіліксіздігінің клиникалық нашарлауына әкелмегендігін көрсетті.

Дигоксинді, диуретиктерді және АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген, жүрек функциясының NYHA жіктемесі бойынша II-IV класына жататын жеткіліксіздігі бар пациенттерде плацебо-бақыланатын (PRAISE) зерттеу амлодипиннің өлім қаупінің және/немесе жүрек функциясы жеткіліксіздігімен аурушаңдықтың жоғарылауына әкелмейтіндігін көрсетті.

ИЗИКАРД –А дәрілік препараты

Жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі гипертензиясы бар (орташа диастолалық қысым ≥ 95-тен ≤ 119 мм с.б. ауқымында өзгеріп отырды) пациенттердің қатысуымен жүргізілген 8 апталық көп орталықтық рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеулерде ИЗИКАРД-А препараты біріктірілімінің әрқайсысымен емдеу, тиісті компоненттермен монотерапиямен салыстырғанда, диастолалық және систолалық артериялық қысымның едәуір көбірек төмендеуіне және реттелу жылдамдығының жоғарырақ болуына әкелді.

Жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі гипертониясы бар, 5 мг немесе 10 мг доза амлодипин арқылы тиісінше бақылауға келмеген пациенттерге жүргізілген кейіннен көп орталықтық рандомизацияланған салыстырмалы бақыланатын зерттеулерде, ИЗИКАРД-А препаратымен (40 мг/5 мг немесе 80 мг/5 мг) немесе амлодипинмен (5 мг немесе 10 мг) қатарластыра емдеу топтарында емдеуді бастағаннан кейін 8 аптадан соң препарат біріктірілімінің әрқайсысы, амлодипинмен монотерапияның екі түрімен салыстырғанда, систолалық және диастолалық артериялық қысымды төмендету жоспарында статистикалық тұрғыдан маңызды басымдық көрсетті.

Кейіннен бақыланатын келесі 6 ай ішінде жүргізілген талапқа сай ашық ұзақ мерзімдік екі зерттеуде препараттың әсері бүкіл зерттеу кезеңі бойы сақталды. Сонымен қатар 40 мг/10 мг доза препарат жәрдемімен артериялық қысымның бақылануы толық емес пациенттерде дозаны 80 мг/10 мг дейін арттырғанда артериялық қысымның қосымша төмендегені байқалды.

Қолданылуы

  • эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуде

Қосымша ем: препарат 80 мг/ 5 мг және 80 мг/10 мг дозаларда телмисартан/амлодипинмен аз дозаларда емдеу артериялық қысымды тиісінше бақылауға әкелмейтін пациенттерге қолданылады.

Орнын басатын ем: телмисартан мен амлодипинді бөлек таблеткалар түрінде қабылдап жүрген пациенттер компоненттердің сол дозалары бар ИЗИКАРД-А препаратын қабылдауға ауысуы мүмкін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересек пациенттер: ИЗИКАРД-А препаратын күніне бір рет қабылдайды.

Препараттың ұсынылатын ең жоғары дозалары тәулігіне 80 мг телмисартан және 10 мг амлодипин.

Препарат ұзақ емдеу курсына арналған.

Қосымша ем: ИЗИКАРД-А препараты 80 мг/ 5 мг және 80 мг/10 мг дозаларда телмисартанның немесе амлодипиннің аз дозаларымен емдеу артериялық қысымды тиісінше бақылауға әкелмейтін пациенттерге қолданылады.

Бекітілген дозалар біріктіріліміне ауысар алдында препарат компоненттері амлодипиннің және телмисартанның дозаларын жекелей таңдау ұсынылады. Клиникалық тұрғыдан мақсатқа сай болған жағдайда монотерапиядан бекітілген дозалар біріктіріліміне тікелей ауысу қарастырылуы мүмкін.

Амлодипинді 10 мг дозада қабылдап жүрген, кез келген дозаны қабылдаған кезде препарат қабылдауды шектейтін жағымсыз реакциялар (мысалы, ісінулер) білінген пациенттер күніне 1 рет 80 мг/5 мг дозадағы ИЗИКАРД-А препаратына ауысуы мүмкін, бұл амлодипин дозасын азайтуға мүмкіндік береді, бірақ жалпы күтілетін гипертензияға қарсы әсерді төмендетпейді.

Орнын басатын ем: телмисартан мен амлодипинді жеке таблеткалар түрінде қабылдап жүрген пациенттер компоненттердің сол дозасы бар ИЗИКАРД-А препаратын қабылдауға көшуі мүмкін, және қолайлы болуы және емдеу режимін сақтауы үшін күніне бір таблеткадан қабылдауы керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер (> 65 жас): дозаны өзгерту қажет емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз): бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде препарат дозасын өзгерту қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде немесе гемодиализде жүрген пациенттерде қолдану тәжірибесі шектеулі. Телмисартан/амлодипинді мұндай пациенттерге сақтықпен қолданған жөн, өйткені амлодипин мен телмисартан диализденбейді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

18 жасқа дейінгі балалар: ИЗИКАРД-А препараты 18 жасқа дейінгі балаларға, қауіпсіздігі және тиімділігі жөнінде деректер жоқ болғандықтан, қолдануға ұсынылмайды.

Қолдану тәсілі: препаратты тамақ ішуге қарамай, ішке аздаған сұйықтықпен ішіп қабылдаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Қауіпсіздік бейінінің қысқаша сипаттамасы:

Өте жиі тіркелген жағымсыз реакциялар бас айналу және шеткері ісінулер болды, ауыр естен танулар сирек туындауы мүмкін.

Белгіленген дозалар біріктірілімі: ИЗИКАРД-А препаратының қауіпсіздігіне және жағымдылығына 3500-ден аса пациент тартылған бақыланатын клиникалық бес зерттеу барысында баға берілді, олардың 2500-ден астам телмисартанның амлодипинмен біріктірілімін қабылдады.

Жағымсыз реакциялардың жиынтық кестесі: жағымсыз реакциялар абсолюттік жиілігінің кему ретімен берілген. Жиілігі «өте жиі» (1/10); «жиі» (1/100-ден < 1/10 дейін); «жиі емес» (1/1000-нан < 1/100 дейін); «сирек» (1/10 000-нан < 1/1000 дейін); «өте сирек» (< 1/10 000), «белгісіз» (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес) түрінде көрсетілген.

Ағзалар жүйесінің класы

ТВИНСТА

Телмисартан

Амлодипин

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Жиі емес

  • жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, фарингит пен синуситті қоса

  • несеп шығару жолдарының инфекциялары, циститті қоса

Сирек

  • цистит

  • өліммен аяқталуы мүмкін сепсис1

Қан айналу және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі емес

  • анемия

Сирек

  • тромбоцитопения

  • эозинофилия

Өте сирек

  • лейкопения

  • тромбоцитопения

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Сирек

  • аса жоғары сезімталдық реакциялары

  • анафилаксиялық реакциялар

Өте сирек

  • аса жоғары сезімталдық реакциялары

Метаболизм және тамақтану тарапынан бұзылулар

Жиі емес

  • гиперкалиемия

Сирек

  • гипогликемия (қант диабеті бар науқастарда)

Өте сирек

  • гипергликемия

Психикалық бұзылыстар

Жиі емес

  • көңіл-күйдің өзгеруі

Сирек

  • депрессия

  • мазасыздық

  • ұйқысыздық

  • сананың шатасуы

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

  • бас айналу

Жиі емес

  • ұйқышылдық

  • бас сақинасы

  • бас ауыру

  • парестезиялар

Сирек

  • естен танулар

  • шеткері нейропатия

  • гипостезия

  • дисгевзия

  • тремор

Өт сирек

  • экстрапирамидальді синдром

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар

Жиі емес

  • көру өткірлігінің төмендеуі

Сирек

  • көрудің бұзылуы

Есту мүшелері және вестибулярлы аппарат тарапынан бұзылулар

Жиі емес

  • вертиго

  • құлақтың шуылдауы

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі емес

  • брадикардия

  • жүректің қағуы

Сирек

  • тахикардия

Өте сирек

  • миокард инфарктісі

  • аритмия

  • қарыншалық тахикардия

  • жүрекшелердің фибрилляциясы

Қантамырлық бұзылулар

Жиі емес

  • гипотензия

  • ортостатикалық гипотензия

  • бетке қан тебу сезімі

Өте сирек

  • васкулит

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысының ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар

Жиі емес

  • жөтел

  • ентігу

  • ентігу

  • ринит

Өте сирек

  • өкпенің интерстициальді ауруы3

Асқазан-ішектік бұзылыстар

Жиі емес

  • іштің ауыруы

  • диарея

  • жүректің айнуы

  • іштің кебуі

  • дефекация бұзылыстары

Сирек

  • құсу

  • қызылиектің гипертрофиясы

  • диспепсия

  • ауыздың кеберсуі

  • асқазан тұсында жайсыздық

Өте сирек

  • панкреатит

  • гастрит

Гепатобилиарлы жүйенің бұзылулары

Сирек

  • бауыр функциясының бұзылулары

  • бауыр тарапынан өзгерістер2

Өте сирек

  • гепатит

  • сарғаю

  • бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (көптеген жағдайларда холестазбен қатар жүретін)

Тері және теріасты шелі тарапынан бұзылулар

Жиі емес

  • қышыну

  • гипергидроз

  • алопеция

  • пурпура

  • тері пигментациясының өзгеруі

  • гипергидроз

Сирек

  • экзема

  • эритема

  • бөртпе

  • ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі, соның ішінде өліммен аяқталатын)

  • дәрі-дәрмектік бөртпе

  • уытты бөртпе

  • есекжем

Өте сирек

  • ангионевроздық ісіну

  • мультиформалы эритема

  • есекжем

  • қабыршақты дерматит

  • Стивенс-Джонсон синдромы

  • Жарыққа сезімталдық

Сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

Жиі емес

  • артралгиялар

  • бұлшықет түйілулері (аяқтың құрысулары)

  • миалгиялар

Сирек

  • арқаның ауыруы

  • аяқ-қолдың ауыруы (аяқтың ауыруы)

  • сіңірлердің ауыруы (тендинит тәрізді симптомдар)

Бүйрек және несеп шығару жолдары жұмысының бұзылулары

Жиі емес

  • бүйрек функциясының бұзылулары, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігін қоса

  • несептің бөлініп шығуының бұзылуы

  • поллакиурия

Сирек

  • никтурия

Ұрпақ өрбіту жүйесі жұмысының бұзылулары және сүт бездерінің аурулары

Жиі емес

  • эректильді дисфункция

  • гинекомастия

Жалпы бұзылыстар

Жиі

  • шеткері ісінулер

Жиі емес

  • астения (әлсіздік)

  • кеуденің ауыруы

  • қажығыштық

  • ісіну

  • ауыру

Сирек

  • дімкәстік

  • тұмау тәрізді синдром

Зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі

Жиі емес

  • бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

  • қанда креатинин деңгейінің жоғарылауы

  • дене салмағының артуы

  • дене салмағының төмендеуі

Сирек

  • қанда несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы

  • қанда креатинфосфокиназа (КФК) деңгейінің жоғарылауы

  • гемоглобин деңгейінің төмендеуі

1 оқиға кездейсоқ болуы немесе қазіргі таңда белгісіз механизммен байланысты болуы мүмкін.

2 – тіркеуден кейінгі кезеңде байқалған бауыр функциясының бұзылу жағдайларының көп бөлігі осындай жағымсыз реакциялардың дамуына бейім келетін Жапония тұрғындарында байқалды.

3 – өкпенің интерстициальді ауруы жағдайлары (көбіне интерстициальді пневмония және эозинофильді пневмония) телмисартанды тіркеуден кейін қолдану тәжірибесі нәтижесінде тіркелді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді затқа және препарат компоненттерінің кез келгеніне немесе дигидропиридин туындыларына жоғары сезімталдық

  • өт жолдарының обструктивті аурулары

  • бауыр функциясының ауыр дәрежеде бұзылуы

  • кардиогендік шок

  • сол жақ қарыншаның обструктивті аортальді стенозы (мысалы, аортальді стеноздың жоғары дәрежесі)

  • жедел миокард инфарктісінен кейін жүрек функциясының гемодинамикалық тұрғыдан тұрақсыз жеткіліксіздігі

  • қант диабеті бар бүйрек функциясы бұзылған (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2) пациенттерде ИЗИКАРД-А және құрамында алискерен бар препараттарды бірге қолдану

  • сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы

  • жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрлері, лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы препараттың құрамына кіретін белгіленген дозалардағы екі компонент арасында өзара әрекеттесулер клиникалық зерттеулерде байқалған жоқ.

Басқа да антигипертензиялық дәрілер

ИЗИКАРД-А препараты басқа гипертензиға қарсы препараттардың гипотензиялық әсерін арттыруы мүмкін. Клиникалық маңызы бар басқа өзара әрекеттесулер анықталған жоқ.

Артериялық қысымды төмендететін препараттар: баклофен, амифостин, нейролептиктер және антидепрессанттар өзінің фармакологиялық қасиеттерінің арқасында барлық антигипертензиялық препараттардың, соның ішінде ИЗИКАРД-А препаратының гипотензиялық әсерін күшейтеді. Бұдан басқа, ортостатикалық гипотензия алкогольмен өрши түсуі мүмкін.

Глюкокортикостероидтар (жүйелік қолдану): гипертензияға қарсы әсері төмендеуі мүмкін.

Телмисартанды қабылдаудан болатын өзара әрекеттесулер

Калийді ұстап қалатын диуретиктер немесе калий қоспалары: калийді ұстап қалатын диуретиктер, мысалы, спиронолактон, эплеренон, триамтерен немесе амилорид, калий қоспалары, құрамында калий бар тұз алмастырғыштар сарысудағы калий деңгейінің едәуір жоғарылауына әкелуі мүмкін. Диагностикаланған гипокалиемия жағдайында мұндай препараттарды сақтықпен қолданған жөн және қан сарысуындағы калий деңгейіне жиі мониторинг жүргізу ұсынылады.

Литий: литийді ангиотензинге өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерімен бір мезгілде қолдану кезінде сарысудағы литий концентрациясының артқаны және уыттылықтың дамығаны жөнінде мәлімделді. Телмисартанды қоса, ангиотензин II рецепторларының антагонистерін бір мезгілде қолданғанда да осындай жағдайлар жөнінде мәлімделді. Егер препаратты мұндай біріктірілімде қолдануды жоққа шығаруға болмаса, қан сарысуындағы литий деңгейіне мұқият мониторинг ұсынылады.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін басқа да гипертензияға қарсы дәрілер: клиникалық зерттеулер ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің қосарлы блокадасы (ангиотензинге өзгертуші фермент тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының антагонистерін немесе ренин-алискереннің тікелей тежегіштерін біріктіру), ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін гипертензияға қарсы бір дәріні қолданумен салыстырғанда, гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының төмендеуі (бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігінің дамуына дейін болатын) сияқты жағымсыз әсерлердің басталу жиілігінің жоғарылауымен байланысты екендігін көрсетті.

Сақтықты қажет ететін препараттармен бір мезгілде қабылдау

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): ҚҚСП, соның ішінде қабынуға қарсы дозаларда ацетилсалицил қышқылын, циклооксигеназ-2 тежегіштерін, селективті емес ҚҚСП және телмисартан тәрізді ангиотензин II рецепторларының антагонистерін бір мезгілде қолданғанда ангиотензин II рецепторлары антагонистерінің гипотензиялық әсерінің азайғаны жөнінде мәлімделді.

Бүйрек функциясы төмендеген кейбір пациенттерде (мысалы, сусызданған пациенттер немесе бүйрек функциясы төмендеген егде жастағы пациенттер) ангиотензин II рецепторлары антагонистерін ҚҚСП-пен, циклооксигеназа-2 тежегіштерімен бірге қолдану, әдеттегі жағдайда қайтымды бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының төмендеуін туындатуы мүмкін. Дегенмен, мұндай препараттарды бірге қабылдау әсіресе егде жастағы пациенттерде сақтықты қажет етеді. ҚҚСП және телмисартан қабылдап жүрген пациенттерде адекватты су режимі (гидратация) қамтамасыз етілуі тиіс және бүйрек функциясын емнің бас кезінде де, сонымен қатар емнен кейін де мезгіл-мезгіл бақылау қажет.

Рамиприл: зерттеулердің бірінде телмисартанды және рамиприлді бір мезгілде қолдану рамиприлдің және рамиприлаттың AUC0-24 және Cmax мәндерінің 2,5 есеге артуына әкелетіні анықталды. Осы бақылаудың клиникалық маңыздылығы белгісіз.

Бірге қабылдаған кезде ескеру керек ақпарат

Дигоксин: телмисартанды дигоксинмен бірге қолданған кезде қан плазмасындағы дигоксиннің орташа ең жоғары шектегі концентрациясының 49%-дан 20%-ға дейін артқаны байқалды. Бастапқы және түзететін ем кезінде немесе емдеуді тоқтатқан кезде плазмадағы дигоксиннің емдік ауқым шегіндегі деңгейін бақылаудың мақсатқа сай екендігіне көңіл бөлген жөн.

Амлодипинді қабылдаудан болатын өзара әрекеттесулер

Төменде көрсетілген препараттарды бір мезгілде қолданғанда сақтық танытқан жөн.

CYP3A4 тежегіштері: жүргізілген зерттеуде жас пациенттерге эритромициннің CYP3A4 тежегішін және егде жастағы пациенттерде дилтиаземді бірге қабылдағанда плазмадағы амлодипин концентрациялары, сәйкесінше, шамамен 22%-ға және 50%-ға артады. Осы байқалғандардың клиникалық маңыздылығы мардымсыз. CYP3A4 белсенді тежегіштерінің (кетоконазол, итраконазол, ритонавир сияқты), дилтиаземге қарағанда, плазмадағы амлодипиннің концентрациясын үлкен дәрежеде арттыруы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды. Амлодипин CYP3A4 тежегіштерімен бірге сақтықпен қолданылуы тиіс, мұндайда тиісті жағымсыз әсерлер жөнінде мәлімделген жоқ.

CYP3A4 индукторлары [мысалы, рифампицин, кәдімгі шайқурай]: CYP3A4 индукторлары мен амлодипиннің өзара әрекеттесуіне қатысты деректер жоқ. Бірге қолдану плазмада амлодипин концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. CYP3A4 индукторларын қолдану кезінде, сондай-ақ оларды тоқтатқаннан кейін амлодипинге оның дозасына түзету жүргізілетін клиникалық мониторинг ұсынылады.

Грейпфрут және грейпфрут шырыны: 240 мл грейпфрут шырынын амлодипиннің 10 мг дозасымен ішке бір мезгілде қабылдау амлодипиннің фармакокинетикалық қасиеттеріне елеулі ықпал етуіне әкелмейді. Дегенмен, препаратты грейпфрутпен немесе грейпфрут шырынымен, бірқатар пациенттерде артериялық қысымның күшті жоғарылауына әкелетін биожетімділіктің ықтимал күшеюі салдарынан, бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Бірге қолданған кезде ескеру керек ақпарат

Такролимус: амлодипинді бірге қолданғанда қанда такролимус деңгейінің жоғарылау қаупі бар, бірақ осы өзара әрекеттесудің фармакокинетикалық механизмі ақырына дейін зерттелген жоқ. Уыттылықтың туындауына жол бермеу үшін амлодипинді қабылдаған кезде такролимуспен ем қабылдап жүрген пациенттерде қандағы такролимус деңгейіне мониторинг жүргізуді және қажет болғанда дозасын түзетуді қажет етеді.

Циклоспорин: бүйрек трансплантациясын бастан кешпеген, циклоспориннің қалдық концентрациясы жоғарылауының өзгерушілігі (0-ден 40%-ға дейінгі шекте) байқалған пациенттерді қоспағанда, циклоспорин мен амлодипиннің дәріаралық өзара әрекеттесуін білуге зерттеулер жүргізілген жоқ. Бүйрек трансплантациясын бастан кешкен және амлодипин қабылдап жүрген пациенттерде циклоспорин деңгейіне мониторинг жүргізуге көңіл бөлген, және қажет болса, циклоспориннің дозасын азайтқан жөн.

Симвастатин: амлодипиннің көптеген дозалары 80 мг симвастатинмен бірге қабылдау, оны бөлек қабылдаумен салыстырғанда, соңғысының әсерін 77%-ға арттырады. Сондықтан амлодипин қабылдап жүрген пациенттерде симвастатиннің күндік дозасы күніне 20 мг-ге дейінмен шектелуі тиіс.

Басқа препараттар: амлодипинді дигоксинмен, варфаринмен, аторвастатинмен, силденафилмен, антацидтермен (алюминий гидроксиді, магний гидроксиді, симетикон), циметидинмен, циклоспоринмен, тиазидтік несеп айдайтын дәрілермен, бета-блокаторлармен, АӨФ тежегіштерімен, әсері ұзаққа созылатын нитраттармен, нитроглицеринмен (сублингвальді түрде қолданылатын), ҚҚСП, антибиотиктермен және басқа да пероральді гипогликемиялық препараттармен бірге қолданудың қауіпсіздігі анықталды. Амлодипинді және силденафилді бір мезгілде қолданғанда әрбір зат бір-біріне тәуелсіз әсер танытады.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр функциясының бұзылуы: телмисартан көбіне өтпен бірге шығарылады. Өт шығару жолдарының обструкциясы немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде төмен клиренс байқалуы мүмкін. Амлодипиннің жартылай шығарылу кезеңі, кальций антагонистеріне ұқсас, бауыр функциясы нашарлаған пациенттерде артуы мүмкін және осындай жағдайда ұсынылатын дозалар анықталған жоқ. Осыны ескеріп, ИЗИКАРД-А препаратын мұндай пациенттерде сақтықпен қолданған жөн, ал бауыр функциясының бұзылуы ауыр дәрежеде болатын пациенттерде оны пайдалануға болмайды.

Реноваскулярлы гипертензия: ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне ықпалын тигізетін дәрілік заттарды қабылдап жүрген, бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе функциясын атқарып тұрған жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде ауыр гипотензияның және бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің жоғары қаупі бар.

Бүйрек функциясының бұзылуы және бүйректі трансплантациялағаннан кейінгі жағдай: ИЗИКАРД-А препаратын бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге тағайындаған кезде қан сарысуындағы калий және креатинин деңгейіне мезгіл-мезгіл бақылау жүргізу ұсынылады. Анамнезінде ИЗИКАРД-А препаратын бүйрек трансплантациясы бар пациенттерде қолдану тәжірибесі жоқ. Телмисартан және амлодипин диализденбейді.

Қантамырішілік гиповолемия: мысалы, қарқынды диурездік ем, ас тұзын диеталық пайдаланудың шектелуі, диарея немесе құсу салдарынан туындайтын айналымдағы қан көлемі төмендеген және/немесе гипонатриемиясы бар пациенттерде, әсіресе препараттың алғашқы дозасын қабылдағаннан кейін, симптоматикалық гипотензия дамуы мүмкін. ИЗИКАРД-А препаратын қолданар алдында мұндай жағдайлар жойылуы тиіс. Егер ИЗИКАРД-А препаратын қабылдаған кезде пациентте гипотензия дамыса, онда оны шалқасынан жатқызады және қажет болған жағдайда вена ішіне физиологиялық ерітіндіні құйған жөн. Емдеуді артериялық қысым тұрақтанғаннан кейін қайта жаңғыртуға болады.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің қосарлы блокадасы: ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің тежелуі нәтижесінде, әсіресе осы жүйеге ықпалын тигізетін дәрілік препараттарды қолданған жағдайда бейімделгіш пациенттерде бүйрек функциясының бұзылулары (бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігіне дейін) пайда болуы мүмкін екендігі мәлімделді. Препарат басқа гипертензияға қарсы дәрілермен бірге қолданылуы мүмкін, алайда ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің қосарлы блокадасы (мысалы, ангиотензин өзгертетін ферментті немесе ренин-алискереннің тікелей тежегіштерін ангиотензин II рецепторларының антагонисіне қосу) ұсынылмайды және бүйрек функциясына, электролиттер деңгейіне және артериялық қысымға мұқият мониторинг жүргізілген жағдайда ғана пайдаланылуы мүмкін («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде АӨФ тжегіштерін және ангиотензин II рецепторларының антагонистерін бірге қолданбаған жөн.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін стимуляциялайтын басқа да жағдайлар: қантамырлар тонусы және бүйрек функциясы едәуір дәрежеде ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділігіне байланысты болатын жағдайларда, мысалы, жүрек функциясының айқын іркілген жеткіліксіздігі немесе бүйректің қатар жүретін аурулары, соның ішінде бүйрек артерияларының стенозы бар пациенттерде осы жүйеге ықпал ететін дәрілік препараттарды қолдану жедел гипотензияның, гиперазотемияның, олигурияның немесе, сирек жағдайларда, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігінің дамуымен қатар жүруі мүмкін.

Алғашқы гиперальдостеронизм: алғашқы гиперальдостеронизмі бар пациенттерде ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін тежеу жолымен әсер ететін антигипертензиялық дәрілік препараттар, әдеттегідей, тиімді емес. Мұндай жағдайларда телмисартанды пайдалану ұсынылмайды.

Аортальді және митральді клапандардың стенозы, обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатия: аортальді немесе митральді стенозы, немесе обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатиясы бар пациенттерде ИЗИКАРД-А препаратын қолдану, басқа вазодилататорлардағы сияқты, аса сақтықты қажет етеді.

Тұрақсыз стенокардия, жедел сиокард инфарктісі: тұрақсыз стенокардиясы бар пациенттерде, сондай-ақ миокард инфарктісінде немесе миокард инфарктісінен кейін ИЗИКАРД-А препаратын пайдалануға негізделген деректер жоқ.

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі: жүрек функциясының NYHA жіктемесі бойынша III және IV функциональді класына жататын, этиологиясы ишемиялық емес, жеткіліксіздігі бар пациенттерде амлодипинге жүргізілген ұзаққа созылатын плацебо-бақыланатын (PRAISE-2) зерттеулерде амлодипинді қолдану өкпе ісінуінің өте жиі дамуымен қатар жүретіні анықталды (жүрек функциясының жеткіліксіздігінің нашарлау жиілігінде елеулі айырмашылықтар жоқ екендігіне қарамастан).

Инсулин немесе диабетке қарсы препараттарды қабылдап жүрген, қант диабеті бар пациенттерде, телмисартанмен емдеген кезде гипогликемия пайда болуы мүмкін. қандағы глюкоза деңгейіне тиісті мониторинг, инсулиннің немесе диабетке қарсы дәрілердің дозасын түзету көрсетілімдер бар болған жағдайда қажет болуы мүмкін.

Қант диабеті: қосымша жүрек-қантамырлық қаупі, мысалы, қатар жүретін жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), ангиотензин рецепторларының блокаторлары сияқты гипотензиялық дәрілерді және АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген, қант диабеті бар пациенттер үшін миокард инфарктісінің және жүрек-қантамыр патологиясы себебінен кенеттен өліп кету қаупінің жоғарылауымен ілеседі. Қант диабеті бар пациенттерде ЖИА симптомсыз өтуі мүмкін және, демек, диагностикаланбауы мүмкін. Қант диабеті бар пациенттер ИЗИКАРД-А препаратын қабылдауды бастамас бұрын ЖИА анықтау және кейіннен емдеу мақсатында тиісті диагностикалық тексерілуден (велоэргометрия және т.б.) өтуі қажет.

Гиперкалиемия: ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін препараттармен емдеген кезде гиперкалиемияның даму ықтималдылығы бар. Гиперкалиемия егде жастағы пациенттерде, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, қант диабеті бар пацинеттерде, қан сарысуында каий деңгейін рттыратын басқа препараттармен ем қабылдап жүрген паценттерде және/немесе қатарласқан жағдайлары бар пациенттерде фатальді болып шығуы мүмкін.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін препараттармен емдеуді бастар алдында «пайда-қаупі» арақатынасы жөнінде шешім қабылдануы тиіс.

Гиперкалиемияның басталу қаупінің негізгі факторлары мыналар деп саналады:

  • қант диабеті, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (>70 жас);

  • ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін бір/бірнеше препараттармен және/немесе калий қоспаларымен, калий деңгейін арттыруға гиперкалиемияны туындатуға қабілетті дәрілік препараттармен: құрамында калий бар тұз алмастырғыштармен, калийді іркіп қалатын диуретиктермен, АӨФ тежегіштерімен, ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен, ҚҚСП, ЦОГ-2 селективті тежегіштерін қоса; гепаринмен, иммунодепрессанттармен (циклоспорин немесе такролимус) жіне триметоприммен біріктіру;

  • қатар жүретін жағдайлар, атап айтқанда, сусыздану, жүрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, метаболизмдік ацидоз, бүйрек функциясының нашарлауы, бүйрек жағдайының кенеттен нашарлауы (мысалы, инфекциялық аурулар), жасушалық лизис (мысалы, аяқ-қолдың жедел ишемиясы, рабдомиолиз, ауқымды жарақат);

Қауіп аймағындағы пациенттер үшін плазмадағы калийге мониторинг көрсетілген.

Сорбитол: ИЗИКАРД-А препаратының құрамында сорбитол бар. Фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы бар адамдар осы препаратты қабылдамағандары жөн.

Басқа нұсқаулар: кез келген гипертензияға қарсы дәрілерді қабылдау нәтижесінде ишемиялық кардиомиопатиясы немесе жүректің ишемиялық ауруы бар адамдарда артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі миокард инфарктісіне немесе инсультке әкеп соғуға қабілетті.

Жүктілік

ИЗИКАРД-А препаратын жүкті әйелдерге пайдалану жөнінде деректер шектеулі.

Телмисартан ангиотензин II рецепторларының антагонистерін жүктіліктің І триместрі кезінде қабылдау ұсынылмайды және жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрлері кезінде қолдануға болмайды.

Жүкті болғысы келіп жүрген әйелдерге ангиотензин II-ні жүктілік кезінде пайдалану үшін қауіпсіздігі бейіні анықталған басқа антигипертензиялық дәрілерге алмастыруды күні бұрын жүзеге асырған жөн. Жүктілік анықталған жағдайда ангиотензин II рецепторларының антагонистерін қабылдау дереу тоқтатылуы және баламалы емге алмастырылуы тиіс.

Телмисартанды клиникаға дейін зерттеу оның тератогенділігін көрсетпейді, бірақ оның фетоуыттылығын көрсетеді. Екінші және үшінші триместр барысында ангиотензин II рецепторларының антагонистерін қабылдау фетоуыттылыққа (бүйрек белсенділігінің төмендеуі, су аздық, бассүйектің сүектенуінің кідіруі) және неонатальді уыттылыққа (бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия, гиперкалемия) әкеледі.

Ангиотензин II рецепторларының антагонистерін екінші триместрден бастап қабылдаған жағдайда шарананың бүйрегін және бас сүйегін ультрадыбыстық зерттеу тағайындалады. Аналары ангиотензин II рецепторларының антагонистерін қабылдаған сәбилер гипотензия тұрғысынан зерттелуі тиіс.

Амлодипин: жүкті әйелдердің шектеулі санына амлодипинді немесе кальций рецепторларының басқа антагонистерін пайдаланғанда алынған деректер оның шаранаға зиянды әсерінің жоқтығын көрсетеді. Алайда босану ұзақтығының созылу қаупі болуы мүмкін.

Лактация кезеңі

Емшек емізу кезеңінде телмисартанды және/немесе амлодипинді қолдануға қатысты ақпарат жоқ болғандықтан, лактация кезінде препаратты қабылдау ұсынылмайды. Осы кезеңде, әсіресе жаға туған нәрестелер немесе шала туған балалар жағдайында, қауіпсіздік бейіні анықталған препараттармен емдеудің баламалы әдістері дұрыс.

Фертильділік

Телмисартан мен амлодипин біріктірілімінің, сондай-ақ жекелей компоненттерінің уыттылығына жекелей зерттеулер жүргізілген жоқ. Клиникаға дейінгі сынақтар барысында еркектердің және әйелдердің ұрпақ өрбіту жүйесіне телмисартанның да, амлодипиннің де ықпал етпейтіндігін көрсетті.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері.

Автокөлікті немесе механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда пациенттер емделу кезінде естен тану, ұйқышылдық, бас айналу немесе вертиго сияқты жағымсыз әсерлер білінуі мүмкін екендігінен хабардар болуы тиіс. Сондықтан автомашинаны немесе механизмдерді басқару кезінде сақтық танытқан жөн. Егер пациенттерде осы тәрізді реакциялар байқалса, олар автокөлікті немесе механизмдерді басқару сияқты потенциалды қауіпті әрекеттерді орындауға жол бермеуі керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: ТВИНСТА препаратымен артық дозалану жағдайлары жөнінде мәлімделген емес. Артық дозалану симптомдары және белгілері препараттың айқын фармакологиялық әсерлеріне сәйкес келетін болады деп болжам жасалады. Телмисартанның артық дозалануының өте үлкен айқын көріністері гипотензия, тахикардия болды, брадикардия, бас айналу, қан сарысуында повышение креатининнің жоғарылауы және бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі болуы мүмкін. Амлодипиннің артық дозалану шамадан тыс шеткері вазодилатацияға әкеп соғуы мүмкін және, рефлекторлы тахикардия болуы мүмкін. Айқын және, сірә, өліммен аяталатын шоктің дамуына дейінгі ұзаққа созылатын жүйелік гипотензия байқалуы мүмкін.

Емі: пациенттің жағдайына мұқият бақылау жүргізген жөн, емдеу симптоматикалық және демеуші болуы тиіс. Артық дозалануды емдеу тәсілі препаратты қабылдаған сәттен кейінгі уақытқа және симптомдардың ауырлық дәрежесіне байланысты. Құстыру және/немесе асқазанды шаю, белсендірілген көмір смяқты емдеу әдістері қолданылуы мүмкін. Қандағы электролиттер және креатинин деңгейлеріне жиі мониторинг жүргізген жөн. Гипотония дамыған жағдайда пациентті аяқтарын көтеріңкіреп жатқызу, сондай-ақ тұздардың және сұйықтық көлемінің орнын толтыру қажет. Кальций өзектерінің блокадасына қарсы әсері ету мақсатында оң әсерге кальций глюконатын вена ішіне енгізу арқылы қол жеткізіледі. Телмисартан және амлодипин гемодиализ жолымен шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий (Alu/Аlu) фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 2 және 4 қаптамалар медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

Evertogen Life Sciences Limited, Үндістан

S-8,9&S-13P,14P.Green Industrial Park,Polepally Village, Jadcheria Mandal Mahaboobnagar Dist.-5090302, Telangana State, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Organosyn Life Sciences Private Limited, Үндістан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Органосин Лайф Сайенс Пвт. Лтд. компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

050040, Алматы қ., Көктем 1, 15А, 6 қабат

Телефон нөмірі: +7 (727) 356 02 78

Факс нөмірі: + 7 (727) 356 02 79

Электронды поштасы: patientsafety.kz@organosyn.com

Прикрепленные файлы

Изикард_рус.doc 0.24 кб
Изикард_каз.doc 0.28 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту